20 желтоқсан күні ақын, әнші-сазгер, жерлесіміз Әсет Найманбайұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «Арғынмын, атым Әсет арындаған» атты танымдық конференция өткізіліп, Ақтоғай археологиялық-этнографиялық  музейі «Ән салсаң Әсеттей сал әуелетіп...» тақырыбында жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Ақын, әнші-сазгердің өмірдеректері мен ақын туралы кітаптар келген ақын-жазушылар мен қонақтардың назарына ұсынылды.