21 желтоқсан күні Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша өткен «Туған жерге тағзым» акциясы аясында еліміздің жер-жерінде еңбек етіп жүрген және ауданда қызмет жасап жүрген кәсіпкер азаматтармен кездесу өткізілді. Бұл акцияға аудандық музей ұжымы да «Туған жерге тағзым» атты кең көлемді жылжымалы көрме ұйымдастырып, ат салысты.