ef61316e a1b6 4953 ac96 65cfb7f77ea0

Теміртау қаласы әкімдігінің «Теміртау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ–сі,Теміртау қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен бірге, 2019 жылғы мауысымның 20–24 дейінгі кезеңде, қаланың тұрғындарын дезинсекциялық шаралар (масаға қарсы өңдеу) өткізу туралы хабардар етеді. Дезинсекциялық өңдеу «Восток» балалар саябағы, қаланың ескі бөлігіндегі демалыс саябағы, Металлургтер ескерткіші жанындағы балалар алаңының аумағын қамтиды.

 

Өңдеу күн батар кезде немесе таңсәріде жүргізілетін болады. Дезинсекция өткізу кезінде, өңделетін аумаққа халықтың кіруіне тыйым салынады.

Өңдеу аяқталғаннан кейін жаппай демалу орындарына бару қалпына келтіріледі. Қолданылатын химиялық заттардың концентрациясы тек жәндіктерге ғана әсер етеді, адамдарға және жылықанды жануарларға улы емес.