Президенттік жастар кадр резервіне өтінімдерді қабылдау басталды.

Құжаттарды қабылдау үшін автоматтандырылған онлайн-платформа іске қосылды.Онлайн-платформаны қолдану жеңіл әрі өте ыңғайлы.

Үміткер сайттың басты бетінде Президенттік жастар кадр резервінің іріктеуіне қатысты мағлұматты инфографика арқылы біле алады. Онда іріктеуге кімдер қатыса алатындығы, уақыты мен іріктеу кезеңдері жазылған.

Тіркеу тәртібі барынша жеңілдетілген.

Үміткерге міндетті түрде өзінің жеке мәліметтерін, аты-жөнін, тегін, ЖСН, іріктеу кезеңдерінен өтуге қолайлы тілді таңдап өзінің ұялы телефоны мен электронды поштасын көрсету қажет.

Сонымен қатар ақпараттарды өңдеп сақтау туралы келісіммен танысып, тиісті талаптарды қабылдауы керек.

Талаптарды қабылдамайынша үміткер Президенттік жастар кадр резервіне қатыса алмайды.

Президенттік жастар кадр резервіне қатысу үшін үміткерлерге бар болғаны PKRezerv.kz сайтында тіркелу қажет.


Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталды

Президенттік жастар кадр резервіне өтінімдерді қабылдау басталды.

Құжаттарды қабылдау үшін автоматтандырылған онлайн-платформа іске қосылды.

Онлайн-платформаны қолдану жеңіл әрі өте ыңғайлы.

Үміткер сайттың басты бетінде Президенттік жастар кадр резервінің іріктеуіне қатысты мағлұматты инфографика арқылы біле алады. Онда іріктеуге кімдер қатыса алатындығы, уақыты мен іріктеу кезеңдері жазылған.

Тіркеу тәртібі барынша жеңілдетілген.

Үміткерге міндетті түрде өзінің жеке мәліметтерін, аты-жөнін, тегін, ЖСН, іріктеу кезеңдерінен өтуге қолайлы тілді таңдап өзінің ұялы телефоны мен электронды поштасын көрсету қажет.

Сонымен қатар ақпараттарды өңдеп сақтау туралы келісіммен танысып, тиісті талаптарды қабылдауы керек.

Талаптарды қабылдамайынша үміткер Президенттік жастар кадр резервіне қатыса алмайды.

Президенттік жастар кадр резервіне қатысу үшін үміткерлерге бар болғаны PKRezerv.kz. сайтына тіркелу қажет.

ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев дарынды жастар үшін ашық және тиімді әлеуметтік саты құру туралы идеяны алға тартты.

Осы жоба барынша даярланған және тәжірибелі жастар үшін мемлекеттік басқару және квазимемлекеттік сектор жүйесінде басшылық қызметке тұруға бірегей мүмкіндік ашады деп көзделіп отыр. Жоғары әкімшілік және саяси лауазымдарға бос орындар пайда болған жағдайда Президенттік жастар кадрлық резервінде тұрған тұлғалардың кандидатуралары қаралатын болады.

Бұл ретте Президенттік жастар кадрлық резервіне қабылданған тұлғалар резервте тұрған кезеңде лауазымға міндетті түрде тағайындалуы шарт болып табылмайды. Резервте тұрған тұлғалар ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында және оның филиалдарында одан әрі кәсіби және тұлғалық даму үшін оқыту курстары мен тренингтерден өту мүмкіндігіне ие болады.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар – бұл азаматтылығы, жасы 35-тен аспауы қажет, білімі және жалпы жұмыс тәжірибесі 5 жыл.

ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІ МЫНАДАЙ БАҒЫТТАР БОЙЫНША ҚҰРЫЛАДЫ

Басқарушылық лауазымдардың тобы

- орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары;

- орталық және жергілікті мемлекеттік органдар аппараттарының басшылары;

Қызметтің бағыттары - Басқарушылық бағыт.

Лауазымдардың салалық тобы

- министрлер, оның орынбасарлары;

- республикалық маңызы бар қалалар;

- орталық атқарушы органдар комитеттерінің төрағалары;

- квазимемлекеттік сектор компаниялары басқармаларының төрағалары және мүшелері;

Қызметтің бағыттары

- экономикалық және қаржылық саясат;

- әлеуметтік саясат;

- инфрақұрылымды және қызмет көрсету салаларын, өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын және қоршаған ортаны дамыту;

- сыртқы және ішкі саясат;

- құқықтық саясат.

Өңірлік лауазымдардың тобы

- облыстардың, республикалық қалалардың, астананың әкімдері;

- облыстық маңызы бар қалалардың, облыс аудандарының және қалалардағы аудандардың әкімдері;

Қызметтің бағыттары - өңірлік басқару.

КІМДЕР ҚАТЫСА АЛАДЫ?

Құжат тапсыру кезінде жасы 35-тен аспаған Қазақстан Республикасының азаматтары

Жоғары білімі бар

5 жылдан кем емес еңбек өтілі бар

1-ден 3-ке дейін ұсыным хаты бар

ҚАЛАЙ ҚАТУСЫҒА БОЛАДЫ?

01. 2019 жылдың 1-30 қыркүйегі аралығында PKRezerv.kz сайтында тіркелу және құжаттарды тапсыру керек

02. Жеке кабинетіңізді толығымен толтыру

03. Қажетті құжаттарды енгізу:

- Жеке куәліктің көшірмесі

- Жоғары білім туралы дипломдардың көшірмесі

- Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі

- Ұсыным хаттар

04. 12 қазанынан бастап 25 желтоқсаны аралығында іріктеу кезеңдерінен өту

КАНДИДАТТЫҢ ҚҰЖАТТАРЫН ҚАБЫЛДАУ

Президенттік жастар кадрлық резервіне қатысуды тіркеу және құжаттарды қабылдау TALANTIZ автоматтандырылған онлайн платформасының көмегімен жүзеге асырылады. Тіркелу кезінде кандидат расталған дербес деректерін (ЖСН, АӘТ, туған күні, e-mail, телефон) енгізуі және Жеке кабинетін (тұрғылықты жері, білімі, жұмыс өтілі, лауазымдар тобын және бағыттарды таңдау, сондай-ақ басқа да қосымша ақпаратты) толтыруы тиіс.

Тіркеуден өте отырып, кандидат өзіне конкурсқа қатысушыға қойылатын белгіленген талаптарды сақтау, ұсынылған мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығын қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерді қабылдайды. Барлық қажетті материалдар жүктелген болуы, тіркеу нысанын және жеке профильді кандидаттың өзі және белгіленген мерзімдерде толтыруы тиіс.

Кандидаттың өтінімі қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда, кандидат Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу кезеңдеріне жіберілетін болады.

ҰСЫНЫМ ХАТ КЕЛЕСІ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ БІРІНЕН ҰСЫНЫЛУЫ ТИІС:

- Президенттік жастар кадрлық резервіне кандидат жұмыс істейтін және/немесе жұмыс істеген ұйымның басшысынан;

- ұлттық компания, ұлттық холдинг, ұлттық даму институты басқармасының төрағасынан немесе оның орынбасарынан;

- мемлекеттік саяси қызметшіден;

- орталық атқарушы органның жауапты хатшысынан, орталық немесе жергілікті мемлекеттік орган аппаратының басшысынан;

- ҚР Мәжілісінің, Парламент Сенатының депутатынан, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихат хатшысынан;

Іріктеуге Президент тағайындаған саяси мемлекеттік қызметші қатыса алмайды

ПОТЕНЦИАЛДЫ РЕЗЕРВШІЛЕРДІ ІРІКТЕУ КЕЛЕСІ КЕЗЕҢДЕРДЕН ТҰРАДЫ:

1 қыркүйектен– 30 қыркүйекке дейін қатысушылардың құжаттарын www.pkrezerv.kz сайтында қабылдау.

12 қазан - «Қабілеттерді тестілеу» кезеңі кандидаттардың талдамалық және сыни ойлау деңгейін анықтауға бағытталған. Тестілеуден өтудің алдында кандидат тестілеуді өткізу тәртібімен танысатын болады.

Тестілеу 1 күннің ішінде кандидат үшін ыңғайлы кез келген уақытта автоматтандырылған жүйеде өткізіледі.

Тестілеуден өту мүмкіндігі: 1 (бір) рет қана

Тестілеу уақыты: шамамен 1,5 сағат

Қажетті ресурстар: компьютер / ноутбук және интернет желісіне тұрақты қолжетімділік (жылдамдығы кемінде 5 мгб)

Сізден интернетке тұрақты қолжетімділіктің және тест тапсыру үшін қолайлы жағдайдың бар екендігіне алдын ала көз жеткізіп алуыңызды сұраймыз.

Ең жоғары нәтижелерді жинаған кандидаттар «Тестілеуді верификациялау» кезеңіне жіберіледі

19 қазан - Тестілеуді верификациялау

«Тестілеуді верификациялау» кезеңі алдыңғы «Қабілеттерді тестілеу» кезеңіне ұқсайды және тестілеу үдерісі видео және аудио тіркеуді қамтиды. Тестілеуден өтудің алдында кандидат тестілеуді өткізу тәртібімен танысатын болады.

Тестілеу 1 күннің ішінде кандидат үшін ыңғайлы кез келген уақытта автоматтандырылған жүйеде өткізіледі.

Тестілеуден өту мүмкіндігі: 1 (бір) рет қана

Тестілеу уақыты: шамамен 45 минут

Қажетті ресурстар: компьютер / ноутбук және интернет желісіне тұрақты қолжетімділік (жылдамдығы кемінде 5 мгб)

Сізден интернетке тұрақты қолжетімділіктің және тест тапсыру үшін қолайлы жағдайдың бар екендігіне алдын ала көз жеткізіп алуыңызды сұраймыз

Ең жоғары нәтижелерді жинаған кандидаттар «Әлеуетті бағалау» кезеңіне жіберіледі

22-26 қазан - Жобаны көрсету

Жобаны көрсету кандидаттар таңдаған лауазымдар тобының және бағыттардың шеңберінде саланың немесе аяның дамуын пайымдауды анықтауға бағытталған. Бұл кезең ұзақтығы 5 минуттан аспайтын жобаларды видео көрсетілім форматында өтеді. Кандидаттарға жобаны және оның видео көрсетілімін дайындауға уақыт беріледі.

Жобаны көрсету мүмкіндігі: 1 (бір) рет қана. Жобаны көрсету уақыты: 5 минуттан аспайды. Жобаның көлемі: 5 слайдтан аспайды.

Кандидаттарға интернетке тұрақты қолжетімділіктің (жылдамдығы кемінде 5 мгб), қосулы web-камера мен микрофонның, сондай-ақ жобаны көрсету үшін қолайлы жағдайдың болуына алдын ала көз жеткізіп алу қажет. Жобаны көрсету онлайн тәртібінде жүзеге асырылады және аудио-видео жазбамен сүйемелденеді.

27 қазан - Эссе жазу

Эссе жазу кандидаттардың өз ойын сауатты және қисынын келтіріп жеткізу қабілеттерін бағалау мақсатында кандидаттарды іріктеудің қажетті кезеңі болып табылады. Эссе жазар алдында кандидат эссеге қойылатын талаптармен және эссені бағалау тәртібімен танысатын болады.

Эссе жазу мүмкіндігі: 1 (бір) рет қана. Эссе жазу уақыты: 45 минуттан аспайды. Эссенің көлемі: кемінде 500 сөз.

Кандидаттарға интернетке тұрақты қолжетімділіктің (жылдамдығы кемінде 5 мгб), қосулы web-камера мен микрофонның, сондай-ақ эссе жазу үшін қолайлы жағдайдың болуына алдын ала көз жеткізіп алу қажет. Эссе жазу онлайн тәртібінде жүзеге асырылады және аудио-видео жазбамен сүйемелденеді

28 қазан - 3 қараша - Құзыреттерді бағалау

Кандидаттардың құзыреттерін бағалауды «Aссecмент Орталық» (Assesment Center) әдісі бойынша құзыреттерді жаппай бағалау құралдарын пайдалану арқылы сарапшылар жүзеге асырады. Кандидаттарға осы кезеңнен өту үшін кестеге сәйкес белгіленген уақытта Бағалау орталығына уақытылы келу қажет.

Accecмент Орталықтан өту мүмкіндігі: 1 (бір) рет қана. Кандидаттың Бағалау орталығында болу уақыты 6 сағатқа дейін. Өткізілетін қала: Нұр-Сұлтан.

27 қараша - 13 желтоқсан - Сараптамалық комиссияның мүшелерімен сұхбаттасу

«Әлеуетті бағалау» кезеңінің нәтижелері бойынша ең жоғары балл жинаған кандидаттар Сараптамалық комиссияның мүшелерімен жеке сұхбаттасуға шақырылатын болады. Сараптамалық комиссияның мүшелері кандидаттарды іріктеудің нәтижелерімен, сондай-ақ олар туралы сенімсіздік тудыратын мәліметтердің болуы/болмауы туралы мәліметтермен (уәкілетті органдарға сұратулардың, мемлекеттік органдардың деректер қорының негізінде) таныстырылады.

Осы кезеңнен өту үшін кандидаттарға кестеге сәйкес белгіленген уақытта сұхбаттасу өткізілетін орталыққа келу қажет.

Сұхбаттасудан өту мүмкіндігі: 1 (бір) рет қана

Әңгімелесу уақыты: 30 минутқа дейін

Өткізілетін қала: Нұр-Сұлтан

Қажетті құжаттар: Рұқсат қағазды рәсімдеу үшін жеке куәлік

Сараптама комиссиясы өткізген сұхбаттасудың және кандидаттар туралы мәліметтерді талдаудың қорытындылары бойынша ҚР Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияның қарауына ұсынылатын кандидаттардың тізімі қалыптастырылатын болады.

Кандидатураларды ҚР Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияда қарау және Президенттік жастар кадрлық резервіне қабылдау

«Сараптамалық комиссияның мүшелерімен сұхбаттасу» кезеңінің нәтижелері бойынша Президенттік жастар кадрлық резервіне қабылдауға ұсынылған кандидаттар ҚР Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияда қаралатын болады.Бұл кезеңде Сіздің қатысуыңыз көзделмейді.

ҚР Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссия отырысының қорытындылары бойынша Президенттік жастар кадрлық резервіне қабылдау туралы шешім қабылданатын болады.

Президенттік жастар кадрлық резервіне қабылдау туралы нәтижелер кандидаттың Жеке кабинетінде жарияланатын болады.

Оған қоса, іріктеудің әр кезеңінен кейін біз автоматтандырылған жүйеде және Агенттіктің сайтында келесі кезеңге өткен үміткерлердің тізімін жариялаймыз.

Үміткерлерді бағалау кезеңінде шешім қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін салалық сарапшылар тартылатын болады. Олар іріктеу процестерінің ашықтықтығы мен объективтілігін қадағалай алады.

Іріктеудің барлық кезеңдері резервшілер туралы толық ақпарат жинап, олардың қабілеттерін және ең бастысы – олардың әлеуетін көруге мүмкіндік береді.